Accessibility links

Иран депутаты: Тегеранның ядролық қару жасар шамасы бар


Иран парламенті депутаты Голямреза Месбахи Могхадам "Иранда ядролық қару жасауға керек ғылыми қордың бәрі бар" деп мәлімдеді парламент жаңалықтарын жариялайтын сайтқа берген сұқбатында.

Могхадамның айтуынша, Иран атом бомбасын жасауға қажет байытылған уранды оп-оңай өндіре алады, бірақ бұл "Тегеранның мүддесіне мүлдем сай емес".

Associated Press агенттігінің айтуынша, "депутаттың пікірі ел билігінің ресми көзқарасы емес" дегенмен, Могхадам - Иранда ядролық қару жасау технологиясы бар екенін айтқан алғашқы шенеунік.

Батыстың "Ирандағы ядролық бағдарламаның әскери мақсаты бар" деген пікірін Тегеран үнемі жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG