8 сәуірде Бакуде соңғы бір жыл ішінде рұқсат етілген алғашқы демонстрацияға мыңдаған адам қатысты. Бұған дейінгі соңғы шеру полиция мен наразылық танытушылар арасындағы қақтығысқа ұласқан еді.
Әзірбайжанның оппозициялық саясаткерлерінің бірі, Халық майданы партиясының басшысы Әли Каримли көбірек еркіндік талап етуге үндеп сөз сөйледі.
Партия мүшелерінің бірі Азаттық радиосы Әзірбайжан қызметінің тілшісіне шеруге қатысуға бара жатқан жолда өзін және тағы оншақты белсендіні полицияның соққыға жықты деп мәлімдеді. Баку полициясы бұл айыптауды жоққа шығарды.
Демонстрацияның ұйымдастырушылары жергілікті билік көлік маршруттарын шектеп, демонстранттар санын азайтпақ болды деп мәлімдеді. Тұрғындардың айтуынша, жүздеген полицей қала бойынша шағын күзет орындарын орнатқан.