Accessibility links

Нигерияда шіркеу қирап, 22 адам қаза тапты


Нигерияның Бенуэ штатында нөсер жауыннан шіркеу құлап, 22 адам қаза тапты. 31 адам жараланды. Құрбан болғандардың арасында 16 әйел, төрт бала бар.

France Press агенттігіне Нигерия үкіметі өкілінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні Адамгбэ қаласындағы католик шіркеуінде ашық аспан астында түнгі құлшылық өтіп жатқан. Осы кезде кенеттен нөсер жауын басталып, құлшылыққа жиналған 3 мың адам шіркеуге кірген. Сол мезетте шіркеудің бір жақ қабырғасы құлап, біраз адам астында қалып қойған.
XS
SM
MD
LG