Сирияның Ливанмен шекарасында ливандық "әл-Джадид" телеарнасының операторы Әли Шаабан қаза тапты. Ол Ливанның Вали Халед аймағында түсірілім жасап жүрген. Оқ Сирия жағынан атылған деген хабар бар. Оператор ауруханаға жетпей қайтыс болған.
Мұның алдында Түркия аумағындағы сириялық босқындар лагеріне Сирия тарапынан оқ атылып, бес адам жараланған болатын. Олардың арасында түрік аудармашысы мен босқындар бар.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд "Бұл оқиғалар Башар әл-Асад режимінің БҰҰ мен Араб лигасының қақтығысты реттеу туралы жоспарын орындауға ынталы емес екендігін көрсетеді" деді. Ол жоспар бойынша Сирия үкіметі 10 сәуірге дейін қалалардан әскерін шығаруы тиіс.
Сириялық белсенділер мен құқық қорғаушылар да "Дамаск бейбіт жоспарды орындауға құлықты емес" дегенді айтады. Олардың дерегінше, тек дүйсенбіде ғана қақтығыстардан 150 адам қаза тапқан.
Өткен жексенбіде Дамаск әскери операцияны оппозиция зорлық-зомбылықтан бас тартатынына жазбаша кепілдік берген жағдайда ғана тоқтататынын мәлімдеген. Оппозиция ол талапты қабылдамады.