Accessibility links

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау саласының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы жарлыққа қол қойды" деп хабарлайды ресми басылымдар.

Жарлық бойынша аттестацияны президент әкімшілігі, бас прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер министрлігі, төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік пен қаржы министрлігі бірігіп өткізеді. Аттестация 2012 жылдың 30 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс. Бұл үшін президент жанынан жоғары аттестациялық комиссия құрылмақ.

Аттестацияда полицейдің коррупцияға қарсы заңнамаларды сақтауы, кәсіби және жеке бас қасиеттері тексерілетіні жайлы айтылған.
XS
SM
MD
LG