Иран билігі 2012 жылғы Лондон олимпиадасының ресми веб-сайтын бұғаулады.
Ирандықтар әлеуметтік желілерде London2012.com сайтына кіре алмай, оның орнына жергілікті үкіметтік ақпарат агенттігінің сайты ашылып тұрғанын айтып, шағымданып жатыр. Бұған қатысты Иран үкіметі еш түсінік бермей отыр.
Иран - әлемде интернетке қатаң бақылау қоятын елдердің бірі. Тегеран соңғы уақытта бейәдеп немесе ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деген себеппен бірнеше вебсайтты бұғаулап тастаған болатын.
Тегеран тыйым салған интернет ресурстары қатарында Facebook, Азаттық радиосы Парсы қызметінің веб-сайты, АҚШ-тың ирандықтарға арнап ашқан виртуалды елшілігі бар.
Ал өткен айда ғана Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи интернетке бақылау жасайтын жаңа орган құруға тапсырма берген.