Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад қаласында оппозиция үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, митингі өткізіп жатыр.
Оппозиция жаңа үкімет құрып, конституциялық реформалар жүргізу, 2010 жылғы сәуір және маусым айларындағы оқиғаларға кінәлілерді жауапқа тарту талаптарын қойып отыр.
Құқық қорғау органдарының есебі бойынша, митингіге шамамен 2 мыңға тарта адам қатысып жатыр. Ал ұйымдастырушылар жиынға "Ата Жұрт", "Бүтін Қырғызстан" және коммунистер партиясынан 12 мың адам қатысып жатқанын айтады. Митингіні Жалал-Абал облысының губернаторы Азизбек Тұрсынбаев ашты.
Митингіге Жалал-Абад, Талас, Ыстық-көл, Шу облыстарының тұрғындары қатысып жатыр.
Қырғызстанда оппозицияның соңғы наразылық шеруі 31 наурызда Баткен қаласында болған.