Сейсенбіде Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гилменд уәлаятында жанкештілер ұйымдастырған шабуылдан сегіз полицей қаза тапты.
Үш жанкешті уәлаяттың Мұса Қала ауданындағы полиция бекетіне басып кіріп, полицейлерге оқ атқан. Полиция олардың бірін атып өлтірген. Қалған екеуі өз-өздерін жарып жіберген.
Сейсенбіде бұған дейін елдің батысындағы Герат уәлаятында да жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, тоғыз адам қаза тапқан болатын. 20 адам жараланған.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында қауіпсіздік күштерінің үш қызметкері бар. Жанкешті көлігімен Гузара ауданындағы жергілікті үкімет үйінің ғимаратын соққан.
Бүлікшілер негізінен оңтүстік және шығыс аудандарда шабуылдар жасайтындықтан, Герат уәлаяты салыстырмалы түрде алғанда тыныш аймақ болып есептеледі. Аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету НАТО құрылымдарынан Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің қолына өтіп жатыр.