Accessibility links

Путин НАТО-ның Ресей әуежайын пайдалануын қолдады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Мәскеу, 11 сәуір 2012 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Мәскеу, 11 сәуір 2012 жыл.
Ресей президенті болып сайланған премьер-министр Владимир Путин сәрсенбіде НАТО-ның Ауғанстаннан әскерін шығаруға Ресей әуежайын пайдалану идеясын қолдайтынын мәлімдеді.

Мемлекеттік думада сөйлеген Путин "НАТО қырғи-қабақ соғысын қайта оралтады" дегенмен, "Альянс ғаламдық мәселелерде тұрақтандырушы рөлін атқаруы керек" деген пікірін де білдірді. НАТО бұған дейін Ресейден Ульяновск қаласының әуежайын пайдалануға беруді сұраған еді.

Владимир Путин "НАТО-ның өтінішін қанағаттандыру Ресейдің ұлттық мүддесіне сай келеді, себебі Ауғанстандағы тұрақсыздық есірткі саудасы мен ислам экстремизмінің таралуына әкеп соғады" деді.

Сәрсенбіде полиция Ульяновскіде НАТО-ның әуежайды пайдалануына қарсылық танытушылар тіккен шатырларды бұзып, демонстранттарды қуып таратты.
XS
SM
MD
LG