Accessibility links

Иранда саяси белсенді үш жылға сотталды


Ирандық саяси белсенді Курош Заим.
Ирандық саяси белсенді Курош Заим.
Ирандық 72 жастағы либерал саяси белсенді Курош Заим "ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет етті және ислам республикасына қарсы насихат жүргізді" деп айыпталып, үш жылға сотталды.

Оппозициялық "Ұлттық майдан" қозғалысының мүшесі Курош Заим Иран режимін сынап келген. Ол 2011 жылы ақпанда, Азаттық радиосының Парсы қызметіне сұхбат бергеннен кейін бірер сағаттан соң тұтқындалған болатын.

Сұхбатында Курош Заим "аймақтағы авторитарлық режимдер міндетті түрде "әлеуметтік жарылыстарға" тап болады" деген. Бұл пікірін ол аймақта әлеуметтік желілер арқылы ақпаратқа еркін қолы жететін жастардың көптігімен түсіндірген.
XS
SM
MD
LG