Қарағанды қаласында "Бесоба" кешеніндегі көп қабатты тұрғын үйді салған "Системпромснаб" құрылыс компаниясының бас инженері тұтқындалды. Бұл туралы жұма күні Азаттық тілшісіне Қарағанды облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Мұхамедкәрім Бектұрсынов хабарлады.
Инженер Лятуновскийге үй құрылысын сапасыз жүргізді деген күдік тағылып отыр.
Үйдің құлауына байланысты облыстық прокуратура екі қылмыстық іс қозғады деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Ерлан Жанпейісов. Қылмыстық істің алғашқысы бойынша үйді қабылдап алу актісіне қол қойған мемлекеттік комиссияның басшысы мен мүшелеріне "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр. Екінші іс құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты қозғалған.
"Бесоба" кешеніндегі 2009 жылы үлескерлер қаржысына тұрғызылған бес қабатты үй 6 сәуірде құлап қалған болатын.