Accessibility links

Сирияда ұрыс болды


Ливанмен шекаралас Вади Халид аймағында тұрған сириялық танк. Сирия, 12 сәуір 2012 жыл.
Ливанмен шекаралас Вади Халид аймағында тұрған сириялық танк. Сирия, 12 сәуір 2012 жыл.
Сирияда бейсенбіде, қақтығысты тоқтату туралы жоспар күшіне енгеннен бір күн өтпей жатып үкімет күштері мен көтерілісшілер арасында қарулы қақтығыс болды. France Press агенттігінің хабарлауынша, елдің Түркиямен шекарасына жақын Хирбет әл-Джоз ауданында ауыр артиллерия қолданылған ұрыс болған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұмада Сирияға келесі аптаның басында 20-30 адамнан тұратын бақылаушылар тобын жіберуді көздейтін қарар жобасына дауыс береді. Бақылаушылар бейбіт жоспардың орындалуын, оның ішінде режимнің шабуылды тоқтатуын қадағаламақ. Қарар жобасын АҚШ дайындаған.

Сирия билігі бақылаушылардың елге келуіне келісім беретінін ендігі мәлімдеп үлгерді.
XS
SM
MD
LG