Accessibility links

АҚШ президенті отбасы салық декларациясын жариялады


АҚШ президенті Барак Обама мен оның зайыбы Мишель Обама. Вашингтон, 11 қыркүйек 2009 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мен оның зайыбы Мишель Обама. Вашингтон, 11 қыркүйек 2009 жыл.
АҚШ-та тұрғындардың салық есебін тапсырып бітуіне бір апта қалғанда ел президенті Барак Обама мен оның зайыбы Мишельдің салық декларациясы жарияланды.

Обама отбасы өткен жылы 789 мың 674 доллар табыс тапқан. Бұл ақшаның жартысына жуығы - президенттің жалақысы, қалғаны - Обама жазған кітаптарды сатудан түскен ақша.

Декларацияға қарағанда, АҚШ президенті отбасы өткен жылы мемлекетке 162 мың доллар салық төлеген. Олар табыстарының 22 пайызын - 172 мың 130 долларды 39 қайырымдылық ұйымдарына аударған. Ондай мақсаттағы қаржының ең көбі соғыста жараланып, содан емделіп жүрген ардагерлер отбасына пәтер әперетін "Фишер Хаус" қорына аударылған.
XS
SM
MD
LG