Accessibility links

Қытай кемелері даулы аймақтан кетті


Теңіздегі кеме. (Көрнекі сурет)
Теңіздегі кеме. (Көрнекі сурет)
Бүгін Қытайдың бес балықшы кемесі осы ел мен Филиппиннің арасындағы Оңтүстік-Қытай теңізіндегі балық аулауға байланысты даулы аймақтан кетті. Кемелер Филииппин жағалау күзеті қызметінің тексерту туралы бұйрығын орындаған жоқ. Қытай кемелерінде жоғалу қаупі төніп тұрған моллюскілер, маржандар, тірі акулалар болуы мүмкін дейді Манила өкілдері.

Қытай кемелері бейсенбі күні даулы аумақта "заңсыз балық аулады" деген күдікке ілінген қытай балықшысын Филиппин әскери-теңіз күштеріне бермей қойған еді. Манила содан кейін ол аумаққа өз кемелерін аттандырған.

Пекин мен Манила Оңтүстік-Қытай теңізінің Лусон (Филиппин) аралынан 230 шақырым қашықтықтағы бөлігіне таласып отыр.
XS
SM
MD
LG