Accessibility links

Астраханда мэрдің жақтастары шеру өткізді


Ресейдің Астрахан қаласында 4 наурызда өткен сайлауда жеңіске жеткен мэр Михаил Столяровты қолдаған шеру өтті.

Twitter-дегі хабарларға қарағанда, шеру бір сағаттай ғана болған. Кейбір деректер бюджеттік мекеме қызметкерлерін шеруге мәжбүрлеп, автобусқа салып әкелгенін айтады.

Облыстық ішкі істер басқармасының айтуынша, шеруге Столяровтың бес мыңдай жақтасы қатысқан, тәртіп бұзған бес адам тұтқындалған.

Астраханда мэр қызметіне бұрынғы кандидат, "Справедливая Россия" партиясының өкілі Олег Шеин мен жақтастары сайлауды қайта өткізуді талап етіп, бір айдан бері аштық жариялап жатыр. Олар 4 наурыздағы сайлау нәтижесі бұрмаланып, "Единая Россияның" кандидаты Столяровқа артық дауыс қосылды дейді.

Оппозиция қарсылық акциясын бастамақ. Шараға қатысу үшін Астраханға азаматтық белсенділер мен оппозиционерлер барып жатыр. Олардың арасында Илья Яшин, Алексей Навальный және мемлекеттік дума депутаты Дмитрий Гудков бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG