Accessibility links

Йеменнің оңтүстігінде 222 адам мерт болды


Йемен астанасы Сананың көрінісі. 10 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Йемен астанасы Сананың көрінісі. 10 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Йеменнің оңтүстігіндегі Лодер қаласындағы қақтығыстан соңғы бес күнде кем дегенде 222 адам қайтыс болды, оның 183-і - "Әл-Қаиданың" сарбаздары деп хабарлады елдегі қауіпсіздік қызметі.

Кеше содырлармен соғысу үшін Лодерге лаңкесткке қарсы күрес бөлімінің 200 жауынгері аттанған. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, бүгін Лодерде атыс болған жоқ, содырлар шегінген.

Абьян уәлаятының орталығы Зинджибар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 150 шақырым жердегі Лодерге 2011 жылы мамыр айында радикал исламшылар билігі орнаған. Ондағы Йемен әскері мен "Әл-Қаида" сарбаздары арасындағы ұрыс дүйсенбіде басталған.

"Әл-Қаида" Лодерді әуелі 2010 жылы тамызда басып алған еді, бірақ ол кезде үкімет әскері оларды қаладан шығарып жіберген.
XS
SM
MD
LG