Жезқазғанда жалақыны көтеруді талап етіп келе жатқан "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі кәсіпорын жұмысшылары басшылықпен келіссөз жүргізетін бастамашыл топ құрды. Бұл жайында Азаттық тілшісіне "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кіретін "Жезқазған жылу электр станциясы" кәсіпорнының жұмысшысы хабарлады.
Аты-жөнін атамауды өтінген жұмысшының айтуынша, бастамашыл топ 14 сәуірде құрылып, бүгін жұмысына кіріскен. Енді басшылықпен келіссөз жүргізу жұмыстарын бастамақ.
"Қазақмыс" корпорациясының Жезқазған қаласындағы жұмысшылары өткен жылдың аяғынан бері жалақыларын көтеруді талап етіп келеді.