Дүйсенбіде Алматыда бір топ азаматтық белсенді мен журналист баспасөз жиынын өткізіп, Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот ісін болдырмай, жаңадан анықталған деректер бойынша істі қайта қарауға қол жинап жатқандарын мәлімдеді.
Оппозициялық белсенділер Болат Атабаев пен Мұхтар Тайжан, журналистер Гүлжан Ерғалиева мен Рысбек Сәрсенбай, азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов жиында тергеушілердің айыпталушылардан жауапты қинап алғаны, айыпталушылардың балаларына қысым жасалғаны туралы айтты. Жиналғандар сот процесінде судьялардың заң бұзғанын да атап өтті.
Осыған байланысты белсенділер мен журналистер істі қайта қарауды, айыпталушыларды азаптаған полицейлерді және Жаңаөзен оқиғасында халыққа оқ атқандардың барлығын жазалауды талап етті.
Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот отырысы 27 наурызда Ақтау қаласында басталған болатын.