Accessibility links

Өзбекстан Тәжікстанға газ жеткізе бастады


Тәжікстанның Хатлон уәлаятындағы газ құбыры. Көрнекі сурет.
Тәжікстанның Хатлон уәлаятындағы газ құбыры. Көрнекі сурет.
Өзбекстан екі апталық үзілістен соң Тәжікстанға қайтадан газ жеткізе бастады. Өзбекстанның мемлекеттік "Өзнефтегаз" компаниясы дүйсенбіде өткен аптада екі елдің газ жеткізуге қатысты қайта келісім жасасқанын хабарлады.

Ташкент сәуірдің басында техникалық ақауды алға тартып, Тәжікстанға газ жеткізуді тоқтатып тастаған болатын. Одан Тәжікстанның бірнеше ірі зауытфабрикасы шығынға батқан.

Тәжікстанды газбен қамтамасыз ететін жалғыз мемлекет - Өзбекстан газ жеткізуді жиі тоқтатады. Көршілес екі ел соңғы жиырма жылда энергетика және су ресурстары, жүк тасымалдау мәселелерінде тіл табыса алмай, дипломатиялық байланыстары нашарлап кеткен.
XS
SM
MD
LG