Accessibility links

Козлов пен Сапарғалидің қамау мерзімі ұзартылды


16 сәуір күні Алмалы аудандық соты оппозициялық "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов пен оппозициялық саясаткер Серік Сапарғалидің қамау мерзімін 23 мамырға дейін ұзартты. Бұл туралы Азаттық радиосына Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова хабарлады.

Оның сөзі бойынша "адамзат тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатысты қылмыс жасады" деп айыпталған Владимир Козлов пен Серік Сапарғали ҰҚК-нің Алматыдағы абақтысынан сотқа жеткізілген жоқ. Олардың мүдделерін қамау мерзімін ұзату сотында Алексей Плугов пен Күлпәш Әйгербаева есімді адвокаттары қорғаған.

Әлия Тұрысбекованың айтуынша, адвокаттар екі айыпталушыны үйқамаққа ауыстыру туралы талап арыз түсірген. Бірақ судья Гүлшахар Шыныбекова арыздарын қабыл етпеген.
XS
SM
MD
LG