Иранда 5 сәуірде тұтқындалған екі қазақстандық пен екі ресей азаматы босатылды. Олар - Қазақстан мен Иран бірлесіп ашқан алтын өндіруші "Zarkuh" компаниясының қызметкерлері. Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Иран билігі оларға нақты айып тақпаған және тұтқындау себептерін айтпаған. Тағы бір Қазақстан азаматы әлі қамауда отыр.
Босатылған азаматтар қазір Тегерандағы қонақ үйлердің бірінде. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазақстандықтардың хал-жағдайы жақсы. Ресей жағы азаматтарының денсаулығына қауіп төніп тұрғанын айтады.
Қазақстанның Ирандағы елшілігінің қызметкерлері қамауда қалған үшінші азаматты босатып алуға тырысып жатқанын айтты.