Accessibility links

Дүниежүзіліктің банктің жаңа президенті тағайындалды


Дүниежүзілік банктің жаңа президенті Джим Ен Ким.
Дүниежүзілік банктің жаңа президенті Джим Ен Ким.
Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша, банктің жаңа президенті болып 52 жастағы америкалық Джим Ен Ким тағайындалды. Бұрынғы президент Роберт Зелликтің орнына келетін Кимнің мамандығы - дәрігер.

Джим Ен Ким қызметіне 1 шілдеден бастап кіріспек. Оның кандидатурасын Жапония, Канада, Батыс Еуропа мемлекеттері мен бірқатар дамушы елдер, оның ішінде Ресей де қолдаған.

Джим Ен Кимнің басты қарсыласы Нигерияның қаржы министрі Нгози Оконджо-Ивеала болды. Джим Ен Ким тағайындалмай тұрып, Нигериялық министр жаңа президенттің еңбегіне қарап емес, саяси салмағы бойынша тағайындалатынын және дүниежүзілік банкті тек АҚШ азаматы басқаратынын мәлімдеген болатын.

Дүниежүзілік банкті 1944 жылдан бастап АҚШ азаматтары басқарып келеді. Алайда соңғы жылдары дамушы елдер бұл банктің президенттеріні бәсеке арқылы сайлауды ұсынып, осы мақсатта күресіп жатыр.
XS
SM
MD
LG