Accessibility links

ҰҚК белсенділерді Еуропарламентке жібермеді


Театр режиссері, қоғам белсендісі Болат Атабаев.
Театр режиссері, қоғам белсендісі Болат Атабаев.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қоғамдық белсенділер Болат Атабаев пен Жанболат Мамайға Еуропаға баруға тыйым салды. Бұл жөнінде Азаттық тілшісіне Болат Атабаев хабарлады.

Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды өткен аптада Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды талқылау үшін Еуропаға шақырған болатын.

Атабаевтың айтуынша, дүйсенбіде ҰҚК оған қорғаушысы арқылы Еуропаға бармау жөнінде ескерткен. "ҰҚК жазбаша ескертпені сейсенбіде тапсырады" дейді ол.

ҰҚК Болат Атабев пен Жанболат Мамайға 23 қаңтарда Жаңаөзен оқиғасына қатысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағып, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алған болатын.
XS
SM
MD
LG