Accessibility links

Шығыс Тимордың президенті сайланды


Шығыс Тиморда өткен президент сайлауының екінші кезеңінің алдын ала шығарылған нәтижесі бойынша бұрынғы қорғаныс министрі, 55 жастағы генерал Жозе Мариа де Васконселош жеңіске жетті.

"Қырағы көз" деген әскери лақап аты бар генерал сайлауда қарсыласы, "Шығыс Тимордың тәуелсіздігі үшін революциялық майданы" партиясының жетекшісі, ұлттық парламенттің бұрынғы спикері Франсиско Гутерриштен әлдеқайда көп дауыс жинаған.

18 наурызда өткен алғашқы кезеңде елдің қазіргі президенті Жозе Рамуш-Орта жеңіліп қалған болатын.

Шығыс Тимор - Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан, Тимор аралының шығыс бөлігін алып жатқан шағын мемлекет. 1975 жылы Португалиядан тәуелсіздігін алған елді кейін Индонезия армиясы басып алған. 2002 жылдың мамырында Шығыс Тимор ресми түрде тәуелсіз мемлекет атанып, БҰҰ-ға мүше болды.
XS
SM
MD
LG