Accessibility links

Әзірбайжан журналисі БҰҰ сыйлығын алды


Әзірбайжан журналисі Эйнулла Фатуллаев БҰҰ-ның баспасөз еркіндігінің дамуына қосқаны үшін берілетін сыйлығына ие болды. ЮНЕСКО жасаған мәлімдемеге қарағанда, Фатуллаев өзінің қызмет жолында азаматтардың өз еркін білдіруі мен сөз бостандығына үнемі үлес қосып келеді.

Файтуллаев "Шынайы Әзірбайжан" апталығының негізін салған әрі әзірбайжан тіліндегі күн сайын шығатын "Гюндалик Азердбайжан" газетінің бұрынғы редакторы.

Ол төрт жыл түрмеге жабылып, өткен жылы ғана босап шыққан. "Адам құқықтары жөніндегі қоғамдық комитеті" үкіметтік емес ұйымын құрған.
XS
SM
MD
LG