Accessibility links

Иран дауында Парсы шығанағы елдері БАӘ жағында


Иран президенті Махмұд Ахмединежад Армия күніне орай өткен парадта сөйлеп тұр. Тегеран, 17 сәуір 2012 жыл.
Иран президенті Махмұд Ахмединежад Армия күніне орай өткен парадта сөйлеп тұр. Тегеран, 17 сәуір 2012 жыл.
Парсы шығанағының араб мемлекеттері Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) мен Иран арасындағы территориялық дауда БАӘ жағына шығатынын мәлімдеді.

Дохада өткен жиында Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі "БАӘ-ге қарсы кез-келген басқыншылық - тұтас араб елдерінің қауіпсіздігіне төнген қауіп" деп бағаланатынын айтты.

Иран мен БАӘ арасында Парсы шығанағындағы Әбу Мұса мен тағы екі аралға қатысты территориялық дау бар. Бірақ аралдарға Иран бақылау жасайды.

Иран президенті Махмұд Ахмединежад өткен аптада Әбу Мұса аралына іссапармен барған. Иранның IRNA агенттігі сол сапарға орай Тегеранның аралды туристік аймаққа айналдыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі Ахмединежадтың сапарын айыптап, оның "мәселені шешуді қиындататынын" ескертті.
XS
SM
MD
LG