Египеттің орталық сайлау комиссиясы мамырда болатын президент сайлауынан 10 үміткерді шығарып тастауға шешім қабылдады.
Сайлаудан шеттетілгендер қатарында барлау қызметінің бұрынғы басшысы Омар Сүлеймен, "Мұсылман бауырлар" ұйымының жетекшісі Хайрат әл-Шатир, әсіре консервативті салафилік заңгер Хазем Әбу Исмаил бар. Сайлауға қатысуға 23 адам үміткер болған еді.
Өткен аптада Египет парламенті биліктен тайдырылған президент Хосни Мүбәрәк режимінің жоғары шенді шенеуніктерін 10 жылға саяси құқықтарынан айыру туралы заңға түзету енгізу туралы заң қабылдаған.
Египетте президент сайлауы 23 мамырда өтеді. Үміткерлерді тіркеу 8 сәуірде аяқталған. Сайлауға түсетіндердің ақырғы тізімі 26 сәуірде белгілі болады.