Accessibility links

Қорғаушы: Саят Ыбырай діни сенімі үшін қудаланып отыр


Ғалым Саят Ыбырай.
Ғалым Саят Ыбырай.
Сәрсенбіде Алматыда "сопылар ісі" бойынша 12 жылға сотталған ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ыбырайдың қорғаушылары мен әйелі баспасөз жиынын өткізіп, оны діни ұстанымынан бас тартуға қысым жасап жатқанын мәлімдеді.

Қорғаушы Абзал Құспановтың айтуынша, жедел тергеу тобының жетекшісі полковник Құмарбеков Саят Ыбырайды президенттің атына діни сенімінен бас тартатынын айтып хат жазуға мәжбүрлеген. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері де оның өзін діни ұстанымынан бас тартқан жағдайда бостандыққа шығатынын айтып үгіттеген. "Өздерін қалалық прокуратура өкілдеріміз деп таныстырғандар соңғы айларда Ыбырайдың әке-шешесіне балаларының діни сенімінен бас тартуына ықпал етуін сұрады. Осыларға қарап біз оны діни сенімі бойынша қудаланып жатыр деп санаймыз" деді Абзал Құспанов.

Өткен жылы 11 қазанда Алматының мамандандырылған ауданаралық соты Саят Ыбырайды "қылмыстық топ құрды" деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сот сопылық ілімді ұстанатын тағы бір топ адамды 2 жылдан 14 дейін бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарған.

Қорғаушының айтуынша, Саят Ыбырайға кесілген үкім әлі күшіне енбеген. "Мұның себебі - Саят Ыбырайдың үкім үстінен кассациялық сотқа жазған шағымы әлі қаралмай отыруы. Алматының кассациялық соты шағымды 20 сәуірде қарайды" дейді ол.
XS
SM
MD
LG