Бахрейнде сәрсенбіде халық саяси реформалар жасауды және бұрын тұтқындалған оппозиция өкілдерін босатуды талап етіп, шеру өткізді.
Демонстранттар осы аптаның аяғында "Формула-1" авто жарысының Бахрейндегі гран-при кезеңі басталар алдында шеруді жиілетінін мәлімдеді. Оппозиция осы арқылы елдегі проблемаларға халықаралық қауымдастықтың назарын аудартқысы келеді.
Бахрейндегі жағдай өткен жылдың көктемінде биліктің халықтық толқуларды басып-жаныштауынан бері тұрақсыз. Ол толқуларда үкімет күштерінің қолынан ондаған адам қаза тапқан. Елдегі шииттік қауым өкілдері өздеріне теңдік беріп, саяси реформалар жасалуын талап етіп келеді.
Бахрейнде шииттер халықтың басым бөлігін құраса да, билік сүнниттік әулеттің қолында.