Accessibility links

Тимошенконың жаңа айыбы бойынша сот басталды


Юлия Тимошенконың суреті ілінген түрме ауласы. Харьков, 16 наурыз 2012 жыл.
Юлия Тимошенконың суреті ілінген түрме ауласы. Харьков, 16 наурыз 2012 жыл.
Украинада бейсенбіде бұрынғы премьер-министр, жеті жылға сотталған Юлия Тимошенкоға тағылған жаңа айып бойынша сот тыңдауы басталды.

Тимошенконың өзі денсаулығының нашарлығына байланысты ашық тыңдауға қатысудан бас тартты. Туыстары мен қорғаушысы оның бірнеше айдан бері төсек тартып жатқанын айтады.

Юлия Тимошенкоға екі ай бұрын "салық төлеуден жалтарды" және "1990 жылдары газ компаниясын басқарып тұрғанда қаржы жымқырды" деген айыптар тағылған. Тимошенконың мыңдаған жақтасы мен қарсыласы Харьковте басталған сотқа жиналды.

Юлия Тимошенко өткен жылдың қазанында "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған. Экс-премьер президент Виктор Янукович билігінің саяси қуғынының құрбаны болып отырғанын айтады. Оның қудалануы Украинаның Еуроодақ және АҚШ-пен қарым-қатынасын нашарлатып жіберді.
XS
SM
MD
LG