Accessibility links

ЕО өкілдері сотқа қатысу үшін Ақтауға келді


Еуропа Одағының өкілдері Ақтауда Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа қатысу үшін ұшып келді. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне сілтеме жасай отырып tengrinews ақпарат агенттігі хабарлады.

Бейресми ақпарат бойынша ЕО-ның екі өкілі 19-20 сәуір күндері Ақтауда болады. Олардың өздері пікір айтудан бас тартты.

Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында былтырғы 16-17 желтоқсан күндері болған қанды оқиғалар бойынша Ақтауда өтіп жатқан екі сотқа жалпы саны 49 адам айыпталушы ретінде тартылған. 100-ден астам адамнан жәбірленуші ретінде және осы шамалас адамнан куәгер ретінде жауап алынып жатыр.
XS
SM
MD
LG