Accessibility links

Еуропа АҚШ-қа жолаушылар мәліметін береді


Еуропа парламенті АҚШ үкіметіне ұшақ жолаушылары жайлы мәліметтерді беріп отыратын келісімді бекітті. Келісімге сай, жолаушылардың несие карталары мен телефон нөмірінен бастап, қандай тамақ ішетіні мен денсаулық жағдайына қатысты барлық ақпарат американың ішкі қауіпсіздік департаментіне беріліп тұрады.

Жаңа келісімнің Еуроодақ пен АҚШ арасында әуе тасымалымен айналысатын барлық операторларға қатысы бар. Келісімді қолдайтындар "бұл терроризммен күресу үшін қажет" дейді.

Бірақ бірқатар сарапшылар "келісім жолаушылардың азаматтық құқықтарын бұзатын өзге мақсатта пайдаланылуы мүмкін" деген пікір айтқан. Олар келісімнің кейбір тұстары айқын емес дегенді алға тартады. Олар "Жіберілген ақпараттардың қалай қолданылатыны, АҚШ үкіметінің мұрағатында бұл ақпараттар қанша уақыт сақталатыны және оған кім еркін қол жеткізе алатыны белгісіз" дейді.
XS
SM
MD
LG