Accessibility links

Қазақстан мен БАӘ қылмыскерді қайтару туралы келісімді бекітті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы қылмыскерлерді беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

2009 жылы Абу-Дабиде қол қойылған келісім екі ел арасында қылмыскерлерді бір-біріне экстрадициялау мәселесін реттейді.

Бас прокуратураның мәліметі бойынша, БАӘ-де статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаева жасырынып жүр. Қазақстан БАӘ-ге оны экстрадициялауды сұраған. Мешімбаеваға бас прокуратура 2009 жылғы халық санағына бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағып, халықаралық іздеу жариялаған.
XS
SM
MD
LG