Accessibility links

Лукашенко саяси белсенділерді қайта қамаймын деп ескертті


Беларусь президенті Александр Лукашенко. Мәскеу, 19 наурыз 2012 жыл
Беларусь президенті Александр Лукашенко. Мәскеу, 19 наурыз 2012 жыл
Беларусь президенті Александр Лукашенко егер Батыс Минскіге тағы қысым жасай бастаса, таяуда ғана босатылған президенттікке экс-кандидат пен оның серігін қайта қамауға алғызам деп ескертті.

Сәуір айының басында ол Андрей Санников пен Дмитрий Бондаренко есімді екі оппозиционерді мерзімінен бұрын түрмеден босатқызған еді. Оның алдында Еуропа Одағы Беларусьтің бірқатар ресми адамдарының шенген аймағына кіруіне шектеу салып, активтерін құрсаулап тастаған болатын.

21 сәуір күні Минскіде журналистермен сөйлесіп тұрып Лукашенко былай деді: "Қысым жасауға тағы бір мәрте ұмтылыс жасалса, шыққаны үшін рақмет айтуы тиіс міңгірлек адамдар қайта түрмеге түсуі мүмкін. Әлгілер міңгірлей берсе, қайта сол түрмеге жіберіледі".

Санников пен Бондаренко 2010 жылғы желтоқсанда өткен президент сайлауынан кейінгі наразылық шаралары кезінде қамауға алынған еді.
XS
SM
MD
LG