Accessibility links

Ирак: мұнай өндірісі 23 жылдан соң қайта шарықтады


Ирактағы Тауке мұнай өңдеу зауыты. Күрдістан, 31 мамыр 2009 жыл. Көрнекі сурет
Ирактағы Тауке мұнай өңдеу зауыты. Күрдістан, 31 мамыр 2009 жыл. Көрнекі сурет
Ирак үкіметі елдің мұнай өндірісі 15 пайыз өсіп, соңғы 23 жыл ішіндегі ең жоғарғы шекке жетті деп мәлімдеді. Мұнай министрлігінің өкілі Ассем Джихад 22 сәуір күні наурыз айындағы мұнай экспорты күніне 2.31 миллион баррельге жетті деп хабарлады. Ақпан айындағы бұл көрсеткіш 2.01 миллион баррельге тең болған.

Наурыздағы экспорттан елдің бюджетіне 8.4 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы түскен. Ирактың Парсы шығанағында салған жаңа мұнай экспорттау терминалының қуаты артып келеді.

Энергетика сарапшылары өткен апта Ирак мұндай жоғарғы қарқынды экспорттау үрдісін жыл бойы сақтап тұра алады деп болжам жасаған. Ирактан сыртқа сатылатын қосымша мұнай көлемі әзірше бір баррелі 120 АҚШ долларына тең ғаламдық мұнай бағасын бір қалыпта ұстап тұруға сеп болады деп есептеледі. Ирактың жылдық табысының 95 пайызы мұнай саудасынан түседі.
XS
SM
MD
LG