Accessibility links

Сергей Лавров Тәжікстанға барды


Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбіде Тәжікстанға ресми сапармен барды.

Душанбеде ол ел президенті Эмомали Рахмонмен және тәжік үкіметінің өзге де шенеуніктерімен кездесіп, Тәжікстанның ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Еуразиялық экономикалық қауымдастығы ұйымдарымен ынтымақтастығы мәселесін талқыламақ.

Тәжік үкіметі Лавровпен Тәжікстанға Ресей инвестициясын тарту, әсіресе "Газпроммен" елдің газға мұқтаждығын өтеуге қатысты да келіссөздер өткізбек. Тәжікстан негізінен Өзбекстаннан газ сатып алады. Бірақ Ташкент техникалық ақауларды сылтауратып, елге газ жеткізуді жиі тоқтатып тастайды.
XS
SM
MD
LG