Дүйсенбіде Jazaozen.net веб-сайтының редакциясы "сайтқа үздіксіз шабуылдар жасалып жатқанын және редакция ұжымын белгісіз біреулердің сырттай бақылауға алып жүргенін" мәлімдеп, баспасөз жиынын өткізді.
Сайттың бас редакторы Қасым Аманжолұлының айтуынша, 18 сәуірде порталдың серверіне күшті хакерлік шабуыл жасалып, істен шығарған. Техник мамандар оны бірнеше күннен бері оны жөндей алмай отыр.
Jazaozen.net қызметкерлерінің пікірінше, "бұған порталда билікті сынайтын мақалалардың басылуы, порталдың оқырмандары көбейіп, танымалдылығының артқаны себеп болып отыр".
"Осыған қарамастан, портал өз жұмысын жалғастыра береді" дейді Janaozen.net журналистері.