АҚШ-тың Қазақстандағы тұңғыш елшісі болған Уильям Кортни "Уральская неделя" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандыққа халықаралық деңгейде тексеру жүргізуге шақырды.
Оқиғаға орай Азаттық радиосының Вашингтондағы қызметіне сұхбат берген елші: "Ахмедьяровқа қастандық қолында жоғары билігі бар адамның тапсырысы бойынша жасалғанына күмәнім жоқ. Сондықтан бұл іске тек халықаралық деңгейде тергеу жүргізу керек" деді. Кортнидің айтуынша, АҚШ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) қастандықты тергеуге ықпал етуі керек.
Лұқпан Ахмедьяровты өткен аптада Оралда үйінің алдында белгісіз біреулер бірнеше рет пышақтап, пневматикалық тапаншамен атып кеткен болатын. Ауыр жараланған журналист ауруханаға түсті. Әріптестері қастандықты оның кәсіби қызметімен байланыстырады.
Қазір Орал соты жергілікті шенеуніктің Ахмедьяровтың мақаласына қарсы жазылған талап арызын қарап жатыр.