Accessibility links

Сот Есіргеповтің шағымын қанағаттандырмады


"Журналистер қатерде" қорының президенті Рамазан Есіргепов.
"Журналистер қатерде" қорының президенті Рамазан Есіргепов.
Алматы қаласының Медеу аудандық соты сейсенбіде "Журналистер қатерде" қорының президенті Рамазан Есіргеповтың ішкі істер министрі, бас прокурор, Жамбыл облысының прокуроры және Жамбыл облысының ЖД 158/2УИС колониясының бастығының атына жазған шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Рамазан Есіргепов 6 сәуірде аталған органдардың атына өзін колониядан бір күн кешіктіріп шығарғанын айтып, моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге төлеуді талап етіп шағымданған.

"Сот тұтқында ұстау мерзімін есептейтін бас прокурордың түсініктемесін, конституциялық кеңестің қаулысын және басқа да заңдарды елеместен шағымымды қанағаттандырудан бас тартты" деді Рамазан Есіргепов.

"Мені бостандыққа кешіктіріп шығару - азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қайшы. Сондықтан шағымымды қанағаттандырмаған кез-келген шешімге қарсы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне дейін шағымданамын" дейді Рамазан Есіргепов.

Рамазан Есіргепов 2009 жылы жазда тәуелсіз "Алма-Ата инфо" газетінің бас редакторы болып тұрған кезінде "мемлекеттік құпиясы бар мәліметтерді заңсыз сақтап, таратты" деген айыппен үш жылға сотталған.
XS
SM
MD
LG