АҚШ президенті Барак Обама Сирия мен Иранға қарсы жаңа санкциялар салды.
Обама Вашингтондағы Холокост мұражайында Холокост құрбандары мен олардың туыстарына арнап сөз сөйледі. Ол өз сөзінде "Әлем бұдан былай адамдарды жаппай қырғынға ұшыратудың қайталануына мүлдем жол бермеу керек. Ұлттық егемендік ешқандай жағдайда да адамдарды жаппай қырғынға ұшыратуға құқық бермейді " деді.
Барак Обама АҚШ-тың Иран мен Сириядағы өз азаматтарына қарсы және адам құқықтарын бұзатын технологияларды қолданатын компаниялар мен жекелеген адамдарға қатысты жаңа санкция салғанын айтты.
АҚШ президенті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Холокост қырғыны жайында сыртқа алғаш мәлімет бергендердің бірі, бұрынғы Польша офицері Ян Карский марқұмды президенттік "Бостандық" медалімен марапаттады.