Accessibility links

Ресей әскері Тәжікстанда 49 жылға қалуы мүмкін


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (оң жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп тұр. Душанбе, 24 сәуір 2012 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (оң жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп тұр. Душанбе, 24 сәуір 2012 жыл.
"Ресей әскерінің Тәжікстанда 2014 жылдан кейін де қала беру мәселесі бойынша келіссөздер жалғасып жатыр" деп мәлімдеді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбеде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен соң.

Сергей Лавров та кездесуден соң "Тәжікстан Ресей әскери базаларының қала беруіне мүдделі екенін" айтты. Келіссөздерде Тәжікстан аумағындағы үш ресейлік әскери горнизонның қызмет ету мерзімі 49 жылға ұзарады деген болжам бар.

Тәжікстанда Ресейдің 7 мың 500 әскери қызметкері бар 201-мотоатқыштар дивизиясы тұр. Ол Душанбенің маңында, оңтүстіктегі Куляб пен Қорғантөбе қалаларына жақын жерде үш горнизонға бөлініп орналасқан. Бұл дивизия - Ресейдің шет мемлекеттегі ең үлкен әскери базасы.
XS
SM
MD
LG