Accessibility links

Ахмедьяровтың палатасына жеке күзет қойылды


"Уральская неделья" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров.
"Уральская неделья" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров.
Қарулы қастандық жасалған "Уральская неделья" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа әріптестері ол жатқан аурухананың палатасына күзет қойды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Енді Ахмедьяров жатқан палатаны жекеменшік күзет қызметінің қызметкерлері күзетпек.

Лұқпан Ахмедьяровқа 19 сәуір күні кешқұрым Оралда, үйінің алдында қарулы қастандық жасалған болатын. Ол ауыр халде ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, қазір денсаулығы жақсарып келеді. Қастандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Журналист "қастандық сыни мақалаларым ұнамағандардың тапсырысымен жасалды" деп санайды.
XS
SM
MD
LG