Пәкістан әскерилері ядролық қару алып ұша алатын орта қашықтықтағы құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады.
Бірақ Пәкістан әскерилері "Шахин А1" деп аталатын жетілдірілген зымыранның қанша қашықтыққа ұша алатынын айтпады. Әскерилер тек зымыранның радиусын арттырып, техникалық мүмкіндіктерін жетілдіргенін айтады. Зымыран Үнді мұхитына түскен.
Өткен аптада көршілес Үндістан да ядролық қару алып ұша алатын, радиусы 5 мың шақырымдық құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынаған. Пәкістан 1947 жылы Үндістаннан тәуелсіздігін алғаннан бері үш рет қақтығысқан бұл екі ел зымырандарын үнемі сынақтан өткізіп тұрады.
Екі ел алғаш 1998 жылы ядролық қару жасап шығарған.