Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Ахмедьяровқа қастандықты тергеуге шақырды


Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ынтымақтастық ұйымы (Брюссель), норвегиялық Хельсинки комитеті, голландиялық Хельсинки комитеті мен польшалық Хельсинки қоры "Уральская неделя" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандыққа алаңдаушылық білдірген мәлімдеме таратты.

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ынтымақтастық ұйымы сайтында жарияланған мәлімдемеде аталған ұйымдар Қазақстан қоғамы мен журналистер қауымын оқиғаға дереу және шынайы тергеу жүргізуге шақырады.

"Қазақстан билігін журналистерді кәсіби қызметтерін орындап жүрген уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қорғауға шақырамыз" делінген үндеуде.

Лұқпан Ахмедьяровқа 20 сәуірде қарулы қастандық жасалған. Қазір қастандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG