Accessibility links

Жаңаөзен сотында судья Сарбөпеевті шақыруға рұқсат етті


Шетпе сотына қатысып жатқан қорғаушы Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.
Шетпе сотына қатысып жатқан қорғаушы Нұрлыбай Ізмағамбетов. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.
Ақтау қаласында Жаңаөзен мен Шетпедегі 16-17 желтоқсандағы оқиғалар бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр.

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің Азаттық радиосына хабарлауынша, сәрсенбі күні түске дейін 17 куәгер сұралған. Олар айыпталушыларды қорғап куәлік берген. Бұған дейін айыпталушылардың қорғаушылары куәгер ретінде Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевті шақыру туралы өтініш берген еді.

Ерлан Қалиевтің айтуынша, Орақ Сарбөпеев бүгінгі сотта куәгер ретінде сұралуы мүмкін. «Негізі сот оны шақыруға рұқсат еткен. Қазір сот жалғасқаннан кейін белгілі болады» дейді ол түстен кейін Азаттық тілшісіне.

Ал қаладағы оралмандарды бейімдеу орталығында өтіп жатқан Шетпедегі оқиғаға қатысты сотта куәгер-полицейлерді сұрау жалғасып жатыр. Бұл турасында Азаттық тілшісіне үш айыпталушының қорғаушысы Нұрлыбай Ізмағамбетов хабарлады. Оның айтуына қарағанда, сотта жауап беріп жатқан полицейлер өзінің қорғауындағы азаматтарды айыптаса да, нақты дәлелдер келтіре алмаған.

"Қорғауымдағы Әдиев, Тұрысбаев деген азаматтар оқиғаның бас жағында видеоға түсіп қалған. Бірақ қылмыстық әрекет жасамаған. Сонда да оларды сотқа тартып отыр. Ал Әуезов деген азамат видеода мүлде жоқ. Сонда да оны «ұйымдастырушы» ретінде танып отыр" дейді Нұрлыбай Ізмағамбетов.
XS
SM
MD
LG