Accessibility links

Чемпиондар лигасы финалында - Бавария мен Челси


"Бавария" шабуылшысы Гомес пен "Реал Мадрид" қорғаушысы Арбелоаның допқа таласқан сәті. 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
"Бавария" шабуылшысы Гомес пен "Реал Мадрид" қорғаушысы Арбелоаның допқа таласқан сәті. 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Кеше Испания астанасы Мадрид қаласының "Сантьяго Бернабеу" стадионында Германияның "Бавариясы" мен жергілікті "Реал Мадрид" жартылай финал кезеңінде кездесті.

Ойын басталған соң 15 минут ішінде Криштиано Роналду бірі 11 метрлік айып соққысы, бірі ойын үстінде - 2 гол салып "Реал Мадрид" командасын алға шығарды. Алайда "Баварияның" шабуылшысы Роббен ойынның 27-минутында 11 метрлік айып соққысымен есеп айырмасын қысқартты. Алдыңғы ойынды (Бавария - Реал: 2-1) қоса алғанда, кешегі матч тең есеппен аяқталды (Бавария - Реал: 1-2). Қосымша таймдар нәтиже бермеген соң, жеңімпазды анықтау үшін төреші пенальти сериясын белгіледі.

"Бавария" қақпашысы Нойер "Реал Мадридтің" алғашқы екі соққысын (Роналду, Кака) қайтарды. "Реал Мадрид" қақпашысы Касильяс та екі допты (Кроос, Лам) кіргізбей, қақпаны қорғап қалды. Алайда пенальтиден 1-3 есебімен "Бавария" ұтып, чемпиондар лигасының финалына шықты.

Чемпиондар лигасының ақтық ойыны 19 мамырда (сенбі күні) Германияның Мюнхен қаласында "Альянц Арена" стадионында болады. Финалда мюнхендік "Бавария" мен лондондық "Челси" кездеседі.
XS
SM
MD
LG