Accessibility links

Ақтөбеде Табылды Досымовты еске алды


Табылды Досымов, бард әнші.
Табылды Досымов, бард әнші.

Сәуірдің 25-і күні Ақтөбеде қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовты еске алуға арналған концерт өтті. Бұл – ақын өмірден озғалы бір жарым жыл аралығында екінші рет өтіп тұрған еске алу кеші. Осындай кешті былтыр күзде маңғыстаулықтар да ұйымдастырған болатын.

Табылды Досымовты еске алу кеші өткен Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе филармониясының залында бос орын болған жоқ. Кешке Табылды Досымовтың отбасы мен достары ғана емес, Қазақстанның батысындағы төрт облыс өкілдері мен алматылық өнер жұлдыздары, журналистер, кезінде Табылды Досымов Жезқазғанға іздеп барып, батасын алған әнші-сазгер Қорабай Есенов те келді.

- Табылды Досымовтың қазаққа кең тараған хит әндері студент шағында жазылған. Ол – 1980 жылдардың орта шені болатын, - дейді бардтың курстас досы, алматылық журналист Арман Сқабылұлы.

Кейін бард ақын шығармашылық ортадан қол үзіп, ҚазҰУ-дегі оқуын аяқтамастан туған жері Атырауға қайтады.

ГИТАРА ТАРТҚАН ЖЫРАУ

Табылдының 1982 жылы ҚазҰУ-ға бірге түскен тағы бір курстасы – ақтөбелік Бағила Мұратбекованың айтуынша, оның Алматыдан кетуіне отбасы жағдайы,
Әнші-сазгер Қорабай Есенов. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.
Әнші-сазгер Қорабай Есенов. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.
қалыпқа сыймайтын тентектігі ғана емес, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан соң жазылған «Мен қазақпын» атты әні де себеп болуы мүмкін.

- Концертке Табылдының өр рухын сағынып келген едім. Бірақ таба алмай кетіп барамын. Мен танитын Табыл патриот болатын, - дейді Бағила Мұратбекова.

«Гитараны қазақша сөйлеткен азамат» туралы курстасы, журналист Серік Жанболат былай дейді:

Серік Жанболат, Табылды Досымовтың курстасы. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.
Серік Жанболат, Табылды Досымовтың курстасы. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.
- Табылдың ерекшелігі – жыраулық дәстүрдегі рухты бүгінгі заманға бейімдегендігінде. Оның гитарасы қазақтың рухымен сөйледі. Ақындығы бар, орындаушылығы бар, сазгерлігі бар осының бәрі қосылған кезде нағыз жыраулық дәстүрдің бүгінгі заманғы бейнесі емес пе? Қазақтың жыраулық дәстүрі эпостарда, дастандарда неге қалып қоюы керек? Ерлік, өрлік рухы бүгінгі заманға бейімделуі керек. Табыл соның бастауында тұр.

"ТАБЫЛДЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ" ТУУЫ

Бард ақынның әндеріне бар дауысымен айғайлай қосылып отырған көрермендер де болды. Сахнада сөз алғандардың басым көпшілігі «Бұл кеш Табылды Досымов атындағы бард ақындар фестивалінің бастауы болса» деп жатты. Естеліктер айтылды. Арнау өлеңдер оқылды.

Сөзін «тентек адай тірі болса, кешегі Жаңаөзен қасіретіне өз үнін қосар еді. Табылмен кейбір қазақ зиялыларының намысы да бірге өлді» деп бастап Жаңаөзен жайлы өлеңін оқыған Бауыржан Халиоллаға зал дүркітете қол соқты.

Бард ақын Табылды Досымовтың жары Қарлығаш пен балалары. Концерт басталардан бұрын. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.
Бард ақын Табылды Досымовтың жары Қарлығаш пен балалары. Концерт басталардан бұрын. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.


- Табыл махаббат жыршысы ғана болған жоқ. Ол қалыпқа сыймайтын, ылғи шеңберді бұзып жүретін, тентектеу ақын болатын. Сонысымен де көп ортаға жақпады. Бүгін көп адам жоқтап жатыр.

Өкініштісі оның патриоттық қыры айтылмай қалды. Әйтсе де, туған жері Атырау мен Алматы үнсіз отырғанда Ақтөбе мен Ақтаудың халқы еске алып жатыр. Бұл – Табылдың екінші өмірі басталды деген сөз, - деді Бауыржан Халиолла.

Кешті ұйымдастыруға ақтөбелік кәсіпкер Бижан Қалмағамбетов қаржылай демеу жасады.

Бард ақын Табылды Досымов 2010 жылғы қараша айында 45 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Ол өмірінің соңғы жылдары Атырау облысы Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып қызмет істеген болатын.

please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG