Accessibility links

Тбилиси Бішкекке Бакиевтің шенеунігін қайтармады


Оксана Малеваная, бұрынғы Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы
Оксана Малеваная, бұрынғы Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы

Қырғызстанның бас прокуроры бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы Оксана Малеванаяны экстрадициялау туралы өтінішін Грузия қабылдамай тастады деп хабарлады.

Бішкек Малеванаяға 2010 жылы демонстранттарға оқ атуға бұйрық беруге жауапты адамдардың бірі ретінде айып тағып, іздеу жариялаған.

Грузия өкілдері Малеванаяның Тбилисиден саяси баспана сұрағанын, оның бұл өтініші қаралып бітпейінше ешкімге табыс етілмейтінін хабарлады.

Биылғы наурыз айында Оксана Малеваная отбасымен бірге Тбилисиге Киев арқылы ұшып келген еді. Киевте оған әуежайдан шығуға рұқсат етілмеген болатын.

Құрманбек Бакиев биліктен күшпен кетірілген соң Қырғызстанның уақытша үкіметі Оксана Малеванаяны қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып бойынша 2010 жылғы сәуір айында тұтқындаған еді. Кейін ол үйқамаққа шығарылып, артынша 2010 жылғы қараша айында Қазақстанға қашып шыққан болатын.
XS
SM
MD
LG