Accessibility links

Бен Ладеннің отбасы Пәкістаннан көшірілді


Осама бен Ладен.
Осама бен Ладен.
"Әл-Қаида" жетекшісі Осама бен Ладеннің үш жесірі мен екі қызы жұма күні Пәкістаннан Сауд Арабиясына көшірілді. Оларды АҚШ әскерилері өткен жылдың мамырында Бен Ладенді өлтіргенде қолға түсірген болатын.

Сарапшылар "Бен Ладеннің отбасы мүшелері өздерінің Пәкістанда қалай ұзақ уақыт жасырып келгені жайлы бұл елден тыс жерде ғана айтып бере алады" дейді. Бен Ладеннің жесірлерін Пәкістанның арнайы қызметі тергеп, оларға "ел аумағында заңсыз тұрып келді" деген айып таққан.
XS
SM
MD
LG