Accessibility links

Қытай премьері Еуропа елдеріндегі әріптестерімен кездесті


Қытай және Польша премьер-министрлері Вэнь Цзябао мен Дональд Туск Варшавадағы баспасөз жиынында. Польша, 26 сәуір 2012 жыл.
Қытай және Польша премьер-министрлері Вэнь Цзябао мен Дональд Туск Варшавадағы баспасөз жиынында. Польша, 26 сәуір 2012 жыл.
Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао бейсенбіде Варшавада (Польша) Орталық және Шығыс Еуропаның 16 мемлекетінің үкімет басшыларымен кездесіп, өзара байланыс орнату мәселесін талқылады.

Кездесуге Польша, Босния және Герцеговина, Хорватия, Чехия, Эстония, Латвия, Литва, Венгрия, Македония, Монтенегро, Румыния, Сербия, Словакия, Словенияның премьер-министрлері, Албания мен Болгарияның вице-премьерлері қатысты.

Жиыннан соң таратылған баспасөз хабарына қарағанда, Қытай Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің экономикалық даму бағытында жасап жатқан қадамдары мен аймақ елдерінің интеграциялану процесін қолдайтынын айтқан. Ал 16 мемлекет Қытайдың әлем экономикасына қосып отырған үлесін жоғары бағалаған.
XS
SM
MD
LG